Бірінші майда жаңа әкім

Бірінші майда жаңа әкім

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев түске дейін өткен сайлау нәтижесі бойынша, Бірінші май ауылдық округіне жаңадан тағайындалған жас әкім Елдос Мұхатаевты жұмыс орнына отырғызып, басқаратын аппараты мен ауыл ақсақалдарына таныстырды. Осы жиында алдымен Жандарбек Ермекұлы Елбасының Жарлығына сәйкес, әкімдерді халық қалаулылары дауыс беру арқылы сайлайтынын тілге тиек етіп, Е.Мұхатайұлының өмірі мен еңбек жолы жайында толыққанды мағлұматты оқып берді. Сонымен қатар, жауапты лауазымға ие болып отырған азаматтың өзіне де, ең біріншіден осы ауылдың тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болу үшін, осы округтың тіршілігін танып, топырағын басып, суын ішуі керектігін, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, халықпен қоян-қолтық араласа отырып, округ ісін алға бастыру қажеттігін ескертті.

Өз кезегінде ауыл ақсақалдары да сөз алып, қарттар жағы әрдайым жақсы басшыға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, ізгі тілегін ақ бата ретінде жолдап, жас болса да бас болып отырған жаңа әкімге ақсақалдар мол үміт артатындығын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях