Білім басқармасының басшылары жаңа тәртіппен тағайындалады

Білім басқармасының басшылары жаңа тәртіппен тағайындалады

Елімізде аудандық және қалалық білім бөлімдері облыстық білім басқармасының құзырына беріледі. Бұл туралы ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
2019 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған еді.
Яғни, жаңа заң арқылы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарын қаржыландыруды аудандық деңгейден облыстық деңгейге ауыстыруды көздеп отыр. Одан білім беру жүйесінде не өзгереді? Білім беру ұйымдарын қаржыландыру өңірлердегі облыстық бюджеттен тікелей бөлінеді. Ал, аудандық, қалалық білім бөлімдерін қаржыландыру дербес заңды тұлға ретінде қарастырылады. Бірақ, барлық бюджеттік қаражатты реттеу жұмыстары орталықтандырылып, облыстық бюджеттен жүзеге асады екен . Осыған сәйкес қаржыландырудың дәл осы формасы білім беру ұйымдарын қаржыландыру деңгейін көтереді деп күтілуде.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, аудандық және қалалық білім беру басқармаларының басшыларын тағайындау облыстық басқармамен келісіледі. Сәйкесінше, жұмыстан шығу тәртібі де облыстық білім басқармаларының мақұлдауын қажет етеді.
Ал, облыстық білім беру басқармаларындағы тағайындау мен жұмыстан шығаруды ҚР Білім және ғылым министрлігі реттемек.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях