«Батыр бабалар» музейінің мерейі үстем болды

«Батыр бабалар» музейінің мерейі үстем болды

Алматы облысындағы «Алатау әуендері» концерттік ұйымы өңірдегі үздік мәдениет мекемесі атанып, ұжымға «Киа Рио» автокөлігінің кілті табысталды. Ал, ауданымыздағы «Батыр бабалар» музейінің басшысы.«Үздік қызмектер» атанды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш үздік ұжымның еңбегі Талдықорған қаласындағы Б.Римова атындағы драма театрында өткен мәдениет саласы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынында айтылды.
Облыс басшысы және салтанатты шара қонақтары алдымен театр фойесіне қойылған өнер көрмесімен танысты.
Кәсіби мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов қоғам өміріндегі, рухани кемелденудегі өнердің рөлі туралы қысқаша айта келіп, облыста мәдениетті қолдауға көп көңіл бөлініп отырғанына да тоқталып өтті.
Сонымен қатар, осы салада еңбек етіп жүрген үздік мамандардың, түрлі байқауларда топ жарған жастардың есімдерін де атап өтті.
Игі шара барысында мереке иелерінің еңбектері еленіп, бірқатары марапатталды. Жыл бойғы тындырымды жұмыстарының қорытындысында 14 номинация бойынша үздік мекемелер мен үздік мамандар анықталып, оларға құрмет көрсетілді. Бұлардың арасында Қарасай ауданының аты да аталды. Нақты айтқанда, «Батыр бабалар» музейінің меңгерушісі Әлім Орынбасар «Үздік музей қызметкері» атанды.
Ал, өңірдің үздік мәдениет мекемесі атанған «Алатау әуендері» концерттік ұжымы облыс әкімінің қолынан «Киа Риа» автокөлігінің кілтін алды.
Сонымен қатар 30-дан астам азаматқа «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі, Мәдениет және спорт министрлігінің және облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары берілді.
Мәдениет өкілдерінің атынан Б. Римова атындағы драма театрының әртісі Руслан Сенкебаев сөз алып, әріптестеріне ақ тілегін арнады. Шара мерекелік концертпен аяқталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях