Балаларға арналған қайырымдылық

0
2584

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Сонымен қатар, мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Қазіргі кезде, біздің ауданда мұндай мәрт азаматтардың қатары көбейіп, қолдарынан келгенше, халыққа көмек беруде. Мәселен, бүгін аудандық мәдениет үйінде Наурыз мейрамы қарсаңында, мүмкіндігі шектеулі және жергілікті мектептердің оқушыларына тамаша концерт ұйымдастырылды.

Бұл қайырымдылық іс-шарасының бар шығынын аудандық мәслихат депутаты Әділ Әділханов өз мойнына алып, 500-ге жуық баланың қуанышына себеп болды. Сонымен қатар, бұл жиынның жоғарғы деңгейде өтуіне «Khama park» мейрамханасының әкімшілігі де қолдауын білдірген.

Концертті тамашалауға келген кішкентай бүлдіршіндердің алдында танымал эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынай Жорабаева өнер көрсетіп, көңілдерін жадыратты. Сахнада олармен бірге ән де айтып, би де биледі. Ән кешінен кейін, балалардың барлығына балмұздақтар таратылды. Ал, Әділ Серікханұлының айтуынша, мұндай қайырымдылық шараларының жастардың өздеріне сенімділігінің артуына және рухани дамуына тигізетін септігі зор.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь