Бала күтімінде отырған аналарға 42 500 теңге төлем беріле ме

Бала күтімінде отырған аналарға 42 500 теңге төлем беріле ме

 Бала күтімінде отырғанына 1 жылдан асқан аналар төтенше жағдайға байланысты берілетін 42 500 теңге төлем алуға өтініш бере алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

— Бала күтімінде отырған әйел адамдарға бала 1 жасқа толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Ал, 1 жылдан асқаннан кейін ол кісілер жұмысқа шығар еді. Бірақ, қазіргі төтенше жағдай кезінде ешкім жұмысқа қайта алмайды, жұмысқа шақырмайды. Сондықтан декретте отырған аналар 1 жыл өткеннен кейін 42 500 теңге төлемге үміткер бола алады, — деді министр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях