ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ БАСТАЛДЫ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ БАСТАЛДЫ

Талай атақты боксшылардың бағын ашқан турнир қасиетті Қарасай жерінде өткізіліп жатыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Дәстүрлі додаға айналған жасөспірімдер арасында өтетін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін бокстан турнир бүгін біздің Қарасай ауданында ұйымдастырылды. XХІІІ Халықаралық жарысқа қатысушы 2003-2004 жылғы спортшылар аудан орталығы Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық алаңында кездесіп, түрлі салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. Халықаралық турнир болғандықтан айтулы жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, Алматы, Қарағанды облысынан және Алматы қаласынан сондай-ақ, жарыс қожайыны ретінде қарасайлық жас боксшылар да қатысты.

Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов және Дүниежүзілік «Ахыска» түріктері қауымдастығының төрағасы Зиятдин Касанов сияқты құрметті қонақтар сөз сөйлеп, айтулы спорттық жарыстың маңыздылығын түсіндіріп өтті.

Бүгінгі турнирдің бас демеушісі «Ахыска» түрік этно-мәдени орталығы болып табылғандықтан, айтулы қауымдастықтың төрағасы Зиятдин Исмиханұлы сөз арасында қазақ елі бауырмашыл халық екенін айтып, ізгі ілтипатпен «Қазақстандағы түріктер қоғамының куәлігін» аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы бастаған бірнеше спортқа жанашырлық танытып жүрген жандарға табыстады.

Бүгін бастау алған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған XХІІІ Халықаралық турнир үш күнге жалғасады. Байрақты бәсекенің қорытындысы мен жарыс жеңімпаздарының нәтижесі алдағы уақытта қосымша ақпарат ретінде жарияланатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях