Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Қазақстандықтар бүгін Тұңғыш Президент күнін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

2011 жылдың 10 желтоқсанында парламенттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға енгізілген өзгеріс қабылданды. Заң 1 желтоқсанда аталып өтетін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеген еді.

Осылайша 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.

Алғашқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқан дауыс беруге құқығы бар ел азаматтарының 98,78 пайызы Елбасыны жақтап дауыс берді.

Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке болғандықтан, бұл күні қазақстандықтар демалады.

Бүгін республикалық телеарналардан Елбасының өмірі мен қызметіне арналған деректі фильмдер көрсетіледі.

Мемлекетті отыз жыл басқарған Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында президент ретінде өкілеттігін тоқтатты. Десе де, ол Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы мәртебесіне ие, бұған қоса елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Елбасының есімін мәңгі есте қалдыру үшін ел астанасының атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

Жалпы Тұңғыш Президент күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің бірнеше мемлекетінде ресми түрде мереке ретінде аталып өтеді. Мысалы, Америка Құрама Штаттарындағы Президент күні мерекесі ертеден бар. АҚШ-тың алғашқы Президенті Джордж Вашингтон 22 ақпанда туғандықтан, бұл елде 1885 жылдан бастап 22 ақпан — Вашингтон күні деп атала бастаған. Американы алға сүйреген Авраам Линкольннің туған күні 12 ақпан екен. АҚШ халқы осы екі қайраткердің туған күнін біріктіріп, өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап ақпан айының үшінші дүйсенбісін Президент күні ретінде атап өтуді дәстүрге айналдырған. Әйтсе де Америкадағы халықтың көбі бұл мерекені Джордж Вашингтон күні ретінде атап өтеді.

Президент күні сонымен қатар Ұлыбритания және Нидерланды (Королева күні), Исландия, Ангола елдерінде аталып өтеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях