Қазақстанда жыл сайын 150 вагон сатып алынатын болады

Қазақстанда жыл сайын 150 вагон сатып алынатын болады

Қазақстанда вагондар тапшылығын азайту үшін жыл сайын 150 вагон сатып алынатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министрлікте өткен брифингте Қақазстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов елімізде вагондар тапшылығын төмендету мақсатына 2025 жылға дейін жыл сайын 150 жаңа вагон сатып алынатындығын айтты.

– Әзірге вагон тапшылығын төмендету үшін биыл 63 вагон алынды, оның 40 данасы қолдануға берілді. Қыркүйектің соңына дейін 23 вагон жеткізіледі. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2025 жылға дейін жылына 150 вагон сатып алуды көздеп отырмыз, – деді ол.

Сонымен қатар, комитет төрағасы пойыз билеттерінің жасанды тапшылығын азайту бойынша қабылданған шаралар туралыда айтып өтті.

– Бүгінде билет тапшылығын қолдауға қарсы жұмыстар жалғасуда. Заңсыз алыпсатарлықты тоқтату үшін темір жол тасымалындағы тұрмыстық жемқорлықты жою жөнінде жол картасы қабылданған. Жолаушылар тасымалы жүйесін жақсарту жоспары құрылып, билет тапшылығын жою бойынша жұмыс топтары құрылды. «ҚТЖ» ҰК АҚ ревизорлық қызметі көпфункциялы орталықтар болып қайта құрылды» – деді Жәнібек Тайжанов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях