Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша Ресей мен Малайзияны басып озды  

Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша Ресей мен Малайзияны басып озды   

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Ресей мен Малайзияны басып озды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Finprom аналитикалық басылымына сілтеме жасап.

2021 жылдың маусымында мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 80-орынға тұрақтады. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда бес орын, бір жыл бұрынғыға қарағанда 15 орынға жоғары. Мобильді интернет жылдамдығы секундына 30,18 мегабитке жетті. Өткен жылдың маусымында бұл көрсеткіш 21,25 болған.

«Интернет байланысының жылдамдығы төртінші ай қатарынан үдемелі қарқынмен өсіп келе жатқанын атап өткен жөн», — делінген басылымда.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда мобильді интернеттің жылдамдығы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстанға қарағанда жоғары. Әлемнің өзге елдері арасында Қазақстан Малайзия, Египет, Үндістан, Венесуэланы басып озды.

Маусымда әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 55,34 мегабит болды. БАӘ (секундына 193,51 мегабит), Оңтүстік Корея (секундына 180,48 мегабит) және Қатар (секундына 171,76 мегабит) сияқты елдер көш бастап тұр. Ең төменгі жылдамдық Ауғанстанда тіркелді — секундына 7,37 мегабит.

Қазақстанда биыл 1 шілдеде 24,2 миллион ұялы байланыс абоненті есептелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға көп. Оның ішінде 15,8 миллион абонент Интернет қолдана алады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях