Сырқаттанғандардың саны көп

0
2312

Биыл ауданымызда тыныс жолдарының жұқпалы вирусты ауруына шалдығып, сыр берген денсаулығына шағымданып, дәрігерлердің алдына келушілердің қатары қалың. Орта есеппен аудандағы ақ желеңділердің алдынан күніне 60-70 науқас табылады. Қарасай аудандық ауруханасының дәрігер-эпидемиологы Балнұр Махмұдованың берген мәліметінше, ауданның ауруханасы мен ауылдық амбулаториясы бойынша  ЖРВЖ — мен (Жіті респираторлық вирусты жұқпалар) жыл басынан бері 440 адам көмекке жүгініп үлгерген. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар – 47, 14 жасқа дейінгі балалар – 175 және жүкті әйелдер саны – 43. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп көрсеткіш. Осыған орай, ауруханада карантин жарияланған.

Жалпы, ЖРВЖ бойынша маусым 2016 жылдың 1 қазанынан басталған екен. Сол уақыттан бері тұмауға 2766 қарасайлық шалдыққан.

Яғни, дене қызуының тез арада 39-40°С дейін көтерілгенін, қатты басы ауырып, бет — әлпеті қызарып, әлсіздік пайда болып, тәбеттің төмендегенін, екінші-үшінші тәулікте мұрын бітелгенін байқасаңыз дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн. Ал, аурудың алдын алу үшін,  жақсы тамақтанып, сарымсақ, пияз сонымен қатар, құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланған, таза ауада жүйелі түрде серуендеп, эпидемия кезінде адамдармен  байланысты мүмкіндігінше азайтуға тырысқан, қоғамдық көліктермен жүруді шектеген артықтық етпейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь