Ауыл тұрғындары салған мектеп пайдалануға берілді

Ауыл тұрғындары салған мектеп пайдалануға берілді

Алматы облысы Сарқан ауданының Кәкімжан Қазыбаев атындағы ауыл тұрғындары өз күшімен бастауыш мектеп салып алды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Білім ордасының бой көтеруіне елді мекеннен ертеректе көшіп кеткендер де қолдау білдірген. Ел жұрттан жиналған 10 млн. теңгеден аса қаржыға салынған 50 орындық мектеп Тәуелсіздік мейрамында пайдалануға берілді.

Кәкімжан Қазыбаев ауылындағы бастауыш сыныптың оқушылары осыған дейін бұрыңғы ауыл кеңсесінде білім алып келді. 1975 жылы салынған ғимараттың әбден тозығы жеткен. Едені сықырлап, терезесінен жел ұрады. Сыныптары да жеке пешпен жылытылады. Осы жағдайға байланысты балаларды көрші ауылға апарып оқыту мәселесі туындаған. Сол кезде Тоқтарбек Төлепбеков қария ауылдастарына ұсыныс жасап, мектеп салу туралы бастама көтеріпті.

Ақсақалдың ұйымдастыруымен қолға алынған құрылыс жұмыстарына ауыл тұрғындары шама шарқынша атсалысқан. Бірі тас пен құмын түсіріп берсе, енді бірі қаржылай демеушілік жасапты. Жергілікті билік жоба жоспарын әзірлеген. Осылайша көпшіліктің көмегімен бір жазда тұрғызылған нысан Тәуелсіздік күніне орай пайдалануға берілді.

– Көп түкірсе көл демей ме?! Бұл көптің бірігіп істеген дүниесі. Ауыл азаматтарының көмегінің арқасында елдің ертеңіне жасалып жатқан игілікті іс, – рген қайраткері Саят Мерекенов,

Ауыл балалары енді бұрыңғыдай қысылып-қымтырылмай, кең әрі жарық сыныптарда білім алады. 240 шаршы метрлік мектептің керек жарақтары да жаңартылған. Тәуелсіздік күніне арналған төрт күндік демалыстан кейін оқушылар жаңа мектеп табалдырығын аттайды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях