Ауданымызда Тәуелсіздікке арналған шаралардың легі Шамалғаннан басталды

Ауданымызда Тәуелсіздікке арналған шаралардың легі Шамалғаннан басталды

Қаншама аға-әпкелеріміздің қанымен қол жеткізіп, әлемге дербес мемлекет екенімізді жария қылған Тәуелсіздігімізге биыл міне, 30 жыл толып отыр. Халқымыз үшін маңыздылығы мол мерейлі мерекеге орай бүгін Шамалған округінің мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының атсалысуымен «Қазақстан Тәуелсіздігі мен Елбасы» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.  

Еліміздің ұлық мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға құрметті қонақ рертінде ауданның құрметті азаматы, қоғам қайраткері Болат Назарбаев, аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова, қоғам қайраткері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Едіге Жүнісбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, округ әкімі Ержас Тоқтасынов пен аудандық тарихи-өлкентану музейінің директоры Серік Қалиев қатысты.

Тағылымы мол шараға құрметті қонақ ретінде шақырылғандар алдымен аталмыш орталықты аралап, мұнда орналасан Елбасымыздың есімімен байланысты экспонаттармен танысып өтті. Нақтырақ айтқанда, оларды музей қызметкелері Нұрсұлтан Назарбаевтың бала кезінен бастап осы уақытқа дейін қолданған заттары, онымен байланысты құнды құжаттарды, кітаптар мен фотоматериалдарды көрсетті. Музейдің экспонаттарымен танысқан кейін қонақтар мәжіліс залына жиналып, Мәдениет үйінің қызметкерлері мен ауданымыздың оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Еліміздің Гимінің орындалуынан басталған кештің алғы құттықтау сөзі аудан әкімінің орынбасырына берілді. Күлжан Әділханқызы алдымен жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, соңғы 30 жылда еліміздің жеткен жетістіктері және де оған Тұңғыш Президентіміздің қосқан үлкен үлесі жайлы айтты. Еліміздің дамуына ерен еңбек еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері Шамалған ауылы туралы кеңінен әңгімелеп өтті. Сондай-ақ, сөз сөйлегендердің қатарыңда Едіге Исатұлы, Сағат Ұлтарақұлы, Серік Қалиев те болып, олар да осы бір қазақ халқы үшін маңызды күн туралы өз ойларымен бөлісті. Өздерінің жастық шақтары кезіндегі еліміздің жағдайын тілге тиек етіп, бүгінгі жастарға үлкен мүмкіндіктер жасалып жатқандығына кеңінен тоқталды. Жиынға қатысып отырған оқушыларды елде болып жатқан саяси-экономикалық,  әлеуметтік-мәдени мәселелерге бейжайлықпен қарамай, өз елін шын сүюге, патриоты болуға шақырды.

Мұнан бөлек әдеби-сазды кеш барысында құрметті қонақтар Қарасай батыр, Шамалған орта мектебі сияқты бірқатар ауданымыздың білім ордаларынан келген оқушылардың Тәуелсіздік пен Үшқоңыр жері туралы оқыған өлең шумақтарын тыңдап, аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады.

Кеш соңында ұйымдастырушылар бүгінгі шараға қатысып, өз өнерлерін көрсеткен оқушыларға алғыстарын білдіру мақатында оларға «Абайдың қара сөздері» мен Елбасының «Тарих толқындары» атты кітаптарды естелік ретінде сыйға тартты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях