Аудандағы алғашқы коворкинг орталығы

Аудандағы алғашқы коворкинг орталығы

Еңселі Елордамыз — Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған игі шаралар легі ауданымызда жалғасын табуда. Бүгін Шамалған ауылындағы мәдениет үйінде «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында коворкинг орталығы ашылды. Айта кету керек, бұл коворкинг орталығы — жастар ұйымдарының жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұжымдық кеңсе қызметі. Мұнда әлеуметтік жобалар аясында жастар үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламаларына сай креативті жобалардың орындалуына , келушілердің қызығушылығы бойынша клубтар, көрмелер, үйірмелер, шеберлік сыныптар, тренингтер, тағы басқалардың ұйымдастырылуына тиімді орталық болып табылады.
Коворкинг орталығының ашылу салтанатына «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Абылай Манабаев және аудандық орталық кітапхананың директоры Ұлдархан Өтеева қатысты. Қуанышты сәттің куәсі болған ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеген еліміздегі басты саяси күш кеңсесінің өкілі:

– Жоба Қазастан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияны жаңғырту бойынша тапсырмасына сәйкес орындалуда. Орталықтағы жұмыс үрдісінде жастар интернет желісін пайдаланып кездесулерді, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыра алады. Осында түрлі форматтағы іс-шараларды өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады. Бұл жоба жас ұрпақты қолдау қажеттілігін көрсетеді. Жастарға өзін-өзі жетілдіру үшін, үлкен мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, жаңа  партиялық жоба  отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейді — деп атап өтті.

Партия өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта аудан орталығында негізгі, өзге де округтерде қосымша коворкинг орталықтарын ашу жоспарлануда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях