Аудандағы 7 мектепке жаңа дәретхана салынуда  

Аудандағы 7 мектепке жаңа дәретхана салынуда   

 

Биыл аудандағы жеті мектептің ішінен жаңа дәретханалар салынуда,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.  

Аудандық білім бөлімінің мәліметінше жаңа оқу жылына деген дайындық жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асып келеді. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы  аудан бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілген нысандардың ішінде ішінде білім мекемелері де бар. Аталған бағдарлама бойынша жеті мектептің ғимаратының ішінен оқушылар үшін ыңғайлы дәретханалар салынуда. Атап айтқанда, олар  Жаңатұрмыс, Алтынсарин, Ғабдуллин, Шамалған, Ушинский,  1 Май орта мектептері мен Абай атындағы орта мектеп гимназиясы.  Ушинский және Абай атындағы орта мектеп гимназиясында осыған дейін ішкі дәретханалар бар болған. Дегенмен тозығы жетіп ескіргендіктен күрделі жөндей жұмыстары жүргізілді. Ал, қалған білім ордасының ғимараттарында мүлдем ішкі дәретханалар болмаған. Сондықтан арнайы орын бөлініп, салынды. Қазір кезде    жұмыстардың толықтай бітуге дайындығы 90%  құрайды. Жауапты мердігер копания «Жан-Мирас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях