Аудан прокурорының қабылдауы

Аудан прокурорының қабылдауы

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының мәселелі сұрақтарына жауап беру үшін аудан прокуроры Ғалымжан Сарсенов қабылдау өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Жиынды «Nur Otan» партиясының Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат жүргізіп отырды. Прокурордың қабылдауында шағымданушылар сот үкімдерін аяғына дейін орындамаған сот орындаушылары мен рұқсатсыз жасалған жолдар сияқты көптеген мәселелер бойынша шағымданды.

Мәселен, Қырғауылды ауылының тұрғыны Нурлан Қасымов өзінің көршісі үйінде 30-дан астам шошқаларды өсіреді, бірақ, тазалық ережесін сақтамағандықтан жан-жағына жағымсыз иістер шығып, басқа тұрғындарға кедергі келтіреді. Осы жағдайға байланысты бірнеше рет құзырлы органдарға шағымданып, ветеринариялық инспекция, прокуратура, полиция қызметкерлерімен көршісінің үйіне барған, бірақ, әртүрлі себептермен үйдің иесі кіргізбей қойғанын айтып, көмек көрсетуді сұрады. Ал, Шамалған ауылының тұрғыны Жансара Магжаева ұрсыс кезінде қолын сындырған көршісінің үстіне аудандық полиция бөлімшесіне үш ай бұрын арыз жазған, бірақ, әлі күнге дейін ешбір нәтиже жоқтығын айтып, осы істі шешіп беруін өтінді. Сондай-ақ, Ақжар ықшам ауданынан қабылдауға келген  Жаухар Нагуманова сатып алған жеріне кіретін жолға көршісі жол салынуы керек жерге, үй салып алғандықтан, участкісіне өте алмай жүргенін жеткізді. Бұл жағдайды қалай шешуге және кімге баруға болатының сұрады.

Қабылдауға келген барлық қарасайлықтардың сұрақтары мен өтініштерін мұқият тыңдаған аудан прокуроры, келесі аптаның сәрсенбі күні өтетін қабылдауда барлық істерді қайта қарастырылып, міндетті түрде шешімдерін табатының айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях