Аудан басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Аудан басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Қарасай ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымының тілшісі.

Бұған дейін бұл лауазымдағы М.Жапаровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15 бабының 1 тармағына сәйкес, аталған қызметті енді, Қанат Айманов атқаратын болады.Қанат Сабырұлы 1983 жылы Алматы облысы, Күрті ауданы, Ұзынағаш бекетінде дүниеге келген. Жоғары білімді маман 2005 жылы Экономика және құқық академиясында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алса, 2013 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Экономика» кәсібін жетік оқып, үйренген.

Еңбек жолын 2001-2003 жылдары «Орбита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бастап, маман-тіркеуші, Әділет басқармасының тіркеушісі болып істеген. Соңғы жылдары Қарасай ауданының, Алматы қаласындағы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маңызды лауазымдарда қызмет атқарса, ал, бүгінге дейін, көршілес алып шаһардың Халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша Жетісу аудандық бөлімінің басшысы еңбек етіп келген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях