Аудан абыройын асқақтатты

Аудан абыройын асқақтатты

Мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру мақсатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен жыл сайын «Ауылым – алтын бесігім» атты байқау ұйымдастырылып келеді. Биыл онлайн-режимінде өткен байқауға 20 Мәдениет үйі мен клубтар, 20 кітапхана, 10 музей қатысты. Байқау жеңімпаздарының  қатарында біздің аудандағы Іргелі ауылдық Мәдениет үйі де бар, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілілік басылымның тілшісі.

Байқаудың шартына сай Мәдениет үйінің жалпы сыртқы, ішкі безендірілуі, ондағы көркемөнер ұжымдарының, үйірмелердің толыққанды жұмыс жасауы, тұрғылықты халықтың мәдени шараларға тартылуы, қамтылуы, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру ісі зерделенді. Осы талаптарға сай келген 17 ауылдық Мәдениет үйіне дыбыс аппаратуралары мен дипломдары сыйлады. Қарасай ауданыннан  осы байқауға қатысқан өнер ұжымының марапаты мен сыйлығын аудандық мәдениет және тілдердің дамыту бөлімі облыс орталығынан алып келген болатын. Бүгін салтанатты жиын барысында  Іргелі ауылдық Мәдениет үйінің ұжымына дыбыс аппаратураларын табыс етті. Сонымен қатар, жиын барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас мамандары Ляззат Әуелбекова мен Ділдә Әбілқасымова сөз сөйлеп, осы орайда талмай еңбектеніп жүрген сала мамандарының алдағы жұмысына сәттілік, елімізге амандық тіледі. Одан кейін аудандық Мәдениет үйінің директоры Елнұр Нұрғожаеваның атынан, жыл бойы байқауға өнерлі шәкірттерді тәрбиелеген қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях