Атырауда  медициналық масканы заңсыз сатпақ болғандар ұсталды  

Атырауда  медициналық масканы заңсыз сатпақ болғандар ұсталды   

Атырауда миллион медициналық масканы жоғары бағамен сатпақ болғандар ұсталды,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Қаржы бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар анықталды.

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгенде Атырауда бір топ адам миллион дана маска сатумен айналысқан, маскалардың жалпы құны — 313 миллион теңге. Оларда ешқандай құжат болмаған», — делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда маскаларды жоғары бағамен сатқандардың ұсталғаны хабарланған еді. Олар 55 мың маска сатпақшы болған еді.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях