Ашық есік күні өтті  

Ашық есік күні өтті   

Бүгін  «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының ғимаратында «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Қарасай ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Ренат Мадияровтын төрағалығымен өткен қабылдауға  аудандық мәслихат депутаты Атлана Исаева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Орынбай Жанәділ және менеджер-кеңесші Елена Константинова қатысты. Барлық санитарлық талаптар қатаң бұл жиынның мақсаты – аудан тұрғындарына тегін кәсіби тұрғыда заңгерлік кеңес беріп, қарасайлықтардың құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру болатын.  Қабылдауға онға жуық азамат жазылыпты. Олар Әділет органдары қызметінің бағыттарына жататын заңды тұлғаны мемлекеттік және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және зияткерлік меншік қорғау саласы бойынша сұрақтарын қойды. Әрқайсысының өтініштері мұқият тыңдалған соң, олардың сауалдарына нақтылы жауаптар берілді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях