«Қарлығаш» балабақшасының салтанатты ашылуы

0
3303

Бүгін Қарасай ауданның орталығы Қаскелең қаласында аудан әкімдігі мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 150 орындық жаңа мектепке дейінгі «Қарлығаш» атты білім ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Ұстаздар күні қарсаңында өткен бұл салтанатқа аудан әкімі Жандарбек Далабаев, Қазақстаң Педагогикалық Ғылымдар академигі Аягүл Миразова, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, қала тұрғындары, ұстаздар қауымы қатысты. Талапқа сай салынған балабақша құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер ЖШС «Еламан» құрылыс компаниясының басшысы Ерғали Миразов балабақша меңгерушісі С.Рашитқызына салтанатты түрде жаңа ғимараттың символикалық кілтін табыс етті. Сондай-ақ балабақшаның ашылу салтанатында ауданымыздың құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қасенбайұлы ақ батасын беріп, аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы, ардагер ұстаз Аягүл Миразова білім ордасының лентасын қиды.

Жиылған көпшілік балабақша балапандары дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, аудан және қала әкімідері балалардың спорт және музыка залдарын, ондан бөлек, сабақ өтетін бөлмелер мен тамақ әзірлеу блогын аралап көрді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь