Ұстазын ұлықтауды ұмытпаған түлектер

0
2197

Мұғалімдер күніне орай кеше Алтын ауыл мектебінің тәрбие бөлімі ұйымдастыруымен «Ұстазға мың тағзым!» атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті. Басқосуға білім саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты. Аталмыш шараның мақсаты өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау.

Аталмыш шарада қонақтарға білім саласына сүбелі үлес қосқан педагоктар туралы мәліметтер айтылып, мұнан соң ардагер ұстаздар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ғибратты әңгімелерін айттып, мектеп оқушылары ұстаз және мектеп туралы ескі әндерді шырқады.Сонымен қатар, кездесуде жас мұғалімдер мен оқушылар ардагерлерге көкейлерінде  жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алысты.

Кеш соңында қадірлі қоңақтарға бiлiм беру iсiне сiңiрген еңбектерi үшiн алғыс айтылып, гүл шоқтары берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь