Ардагерін ардақтаған аудан еріктілері

Ардагерін ардақтаған аудан еріктілері

Еріктілер Ұлы Отан соғысы ардагердің үйіне барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Отан алдындағы ерліктерін бүгінгі ұрпақ еш ұмытқан емес. Өкінішке орай майдангерлердің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Ортамызда жүрген санаулы қарттардың қадірін біліп, көзі тірісінде құрмет көрсету қай-қайсымыздың болсын адамдық парызымыз деп білеміз. Осындай ардақты ардагерлердің бірқатары біздің ауданымызда да бар. Солардың бірі – Жандосов ауылының тұрғыны Шәріпбай Уранбеков.

Бүгін Шәріпбай атаға аудандық Жастар ресурстық орталығының бір топ жастары, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өкілдері және белсенді еріктілер арнайы барып, құрмет көрсетіп, үйінің ауласында тазалық жұмыстарын атқарды. Қарияның хал-жағдайын сұрауға барған жастар азық-түлік себетін де ала барып, өздерінің ерекше ықыластарын білдірді. Өскелең ұрпақтың осындай сыйластығын сезген Шәріпбай ата риза болып, ақ батасын берді.

Игі істерге ұйытқы болатын жастардың мұндай көңіл қуантарлық бастамалары Волонтер жылының аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі екенін атап кеткен жөн. Алдағы уақытта аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әлі де жүйелі жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях