Қарасайлықтар ауыл шаруашылық саласына белсене қатысуда

Қарасайлықтар ауыл шаруашылық саласына белсене қатысуда

Кеше Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы  Мәдениет сарайында  Ауыл шаруашылық  қызметкерлерінің күні аталып өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы әкімінің атынан мерекемен оның орынбасары Серікжан  Бескемпіров құттықтады.  Өз сөзінде облыстың ауыл шаруашылығындағы жетістіктеріне тоқталып, алдағы жоспарлары жайлы айтты.

Шара барысында аталған салада жоғары көрсеткішке ие болған  үздіктер марапатталды. Соның ішінде Қарасай ауданы да жылды жақсы нәтижемен аяқтады.  Атап айтқанда, біздің аудан ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге белсене қатысқан ретінде бірінші орынды иеленді.  Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін  шығаратындар үздіктер қатарында біздің қарасайлық «Оңтүстік» агропаркі екінші орынға  лайық деп танылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях