Қарасайлық оқушы облыс әкімінің грантын жеңіп алды

Қарасайлық оқушы облыс әкімінің грантын жеңіп алды

Бүгін Алматы облысында тұңғыш рет өткізілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант жобасында жүзден жүйрік шыққан бір топ жас марапатталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес,  «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалған болатын. Бұл бастама республикалық деңгейде мәдениет, ғылым, бизнес, медиа, IT саласындағы жастар бастамаларын қолдауға арналған. Жастарға арналған бұл гранттар 2021 жылдан бастап гранттар тағайындалғанын айта кету керек.

Жас буынды жігерлендіруге арналған байқау аясында биыл Алматы облысында 15 үздік жоба қолдау тапты. Білімі мен білігі ұштасқан жалынды қыз-жігіттерді жарқын жеңісімен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады.

Бизнес-идеялары мен түрлі жобаларын жүзеге асыруды көздеген жастардың бұл байқауға деген қызығушылықтары барынша байқалған. Алайда алғаш рет өткізілген аталмыш грант жобасына барлығы 35 үміткер қатысқан. Солардың ішінде тек 15-і жеңімпаз атанып, 1 млн теңгенің сертификатына ие болды.

Жүйрік шыққан жастардың ішінде қарасайлық Берік Әжімбай да бар. Береке орта мектебінің 10 сынып оқушысы аталмыш байқауда «Бизнес» бағыты бойынша Алматы облысы әкімінің жастар грантының иегері атанды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях