Қарасайлық депутаттар үздіктердің қатарынан табылды

Қарасайлық депутаттар үздіктердің қатарынан табылды

Халық қалаулыларына арналған «Біздің Депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингісі бойынша үздіктер анықталды. Олардың қатарында жетінші шақырылған Қарасай аудандық мәслихат депутаттары да бар, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Республикалық аталмыш басылым үздік деп тапқан депутаттар бүгін аудандық әкімдікте арнайы марапатталды. Атап айтқанда, Бекжан Сүнбеков, Арман Қамалбек, Василий Тен, Ербол Жақсыбаев, Рүстем Өтембаев сынды азаматтардың осы уақытқа дейін атқарған еңбектері еленіп, «Үздік депутат» деген марапатқа ие болды. Оның төсбөлгісі мен куәлігін Қарасай аудандық мәслихатының төрағасы Бауыржан Айнабеков табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Құрмет иелерін құттықтаған Бауыржан Бақтыбайұлы да үздіктердің қатарынан табылғанын айта кету керек. Мәслихат төрағасы жоғарыда аталған басылымның бағалауымен «Үздік мәслихат төрағасы» атауы бойынша марапатталды. Оны Қарасай аудандық мәслихатының аппарат басшысы Қордай Әбілбеков табыс етіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях