Тасжолдың бойындағы заңсыз нысан бұзылды (Видео)

Тасжолдың бойындағы заңсыз нысан бұзылды (Видео)

Бүгін Жібек жолы ауылдық округінің аумағында орналасқан көлік жуу орталығы Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылыс қызметі Заңының талаптарына сәйкес бұзылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Көлік иесінің бұл жерді мақсатсыз қолдануына байланысты сот арнайы шешім шығарған. Соған сәйкес хаттама толтырылып, бұл нысанды бұзу қарастырылған. Сот шешімін орындау мақсатында Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының Қарасай ауданы бойынша бөлімінің бас маманы Шаттық Мамбетов заңгерлердің және көлік жуу орталығының иесі, кәсіпкер Гүлбаршы Ниядинованың қатысуымен бұзу жұмыстарын қадағалады.

Назардағы нысанның Заңсыз салынғаны 2021 жылдың тамыз айында белгілі болған. Содан бері арнайы тексеу жұмыстары жүргізіліп, сот процестері орындалған. Бүгін сот шешіміне сәйкес орталықтың бұзу әрекеттері кәсіпкердің өз тарапынан орындалды. Ал нысанның қожайыны бұл жердің коммерциялық бағытқа арналмағанын кейін білген. Айтуынша, алаяққа сеніп, кәсібін жүргізе білген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях