Қарасай ауданының бас шыршасы жағылды

Қарасай ауданының бас шыршасы жағылды

Санаулы күндерден соң өткен жылды өткеріп, жаңа бір жылға қадам басатын еліміз мерекені бастап та кетті. Осыған орай, кеше аудандық Мәдениет үйінің алаңында жаңа жылдық мерекелік кеш болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жыл сайынғы дәстүрге сай жаңа жылдық шырша шамы бұл жолы да Тәуелсіздік мерекесінен кейін жағылды. Көркі көз тартар, шамдары жарқырап, әсем безендірілген алып, биіктігі 22 метрлік шыршаның маңына топтасқан тұрғындар мен балалардың қуанышына аудан әкімі Жандарбек Далабаевта ортақтасты.
Мерекелік кеш жиналған жұртқа жақсы көңіл-күй сыйлаған сантаның кимін киген жастардың билерінен басталды. Мұнан кейін сахна төріне мерекенің бас кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қар ескі Доңыз жылын шығарып, жаңа Тышқан жылын қуанышпен қарсы алған қарасайлықтарды мерекелерімен құттықтап, жақсы тілектерін тіледі. Салтанатты кеште сөз алған аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы ауданның өткен жылдағы толағай табыстарымен бөлісіп, аудан халқын санаулы күндерден кейін келетін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекенің басты белгісі болып саналатын бас шыршаның шамын жақты. Мұнан кейін жасыл шырша жанынанда аудан тұрғындары мен қонақтары көтеріңкі көңіл күймен мерекелік концертті тамашалады. Салтанаттың шырқау шегі от шашуға ұласты.
Қызықты әрі әсерлі өткен кеште алаңға жиналған қарасайлықтар ерекше сәнденіп, түрленген ертегі кейіпкерлерімен бірге би билеп, ән айтып, тамаша көңіл күй алып қайтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях