«ASHYQ» жобасымен облыста 102 бизнес нысан жұмыс істеуде

«ASHYQ» жобасымен облыста 102 бизнес нысан жұмыс істеуде

«Jetisy Media» ақпараттық сайтының мәлімдеуінше, Алматы облысында сәуір айының 30-ы күні жүргізілген анықтама бойынша аймақта өткен тәулікте КВИ 180 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,9%-ды құрап отыр. Тіркелген жаңдайлардың 150-і симптомдық (83,3%) және 30-ы симптомсыз (20%). Осыған орай бүгінде облыста «ASHYQ» атты пилоттық жоба іске қосылды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– 26 сәуірден бастап өңірде  «ASHYQ» облыстың аудандары мен қалаларындағы бизнес нысандарында «ASHYQ»  бағдарламасы жұмыс жасауды бастады. Аталмыш жобаға бірінші болып Талдықорған қаласының кәсіпкерлері қосылса,  бүгінде облыс бойынша 102 бизнес нысанында осы жоба аясында  жұмыс істеуде, – дейді Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары Қанат Қабдиев.

Айта кетейік, аталған пилотты бағдарлама COVID-19 таралу қаупін сейілтуге және келушілер мен жұмысшыларды қауіпсіздігін арттыруға  мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнес объектісіне шектеу шараларына қарамастан локдаун жағдайында да жұмыс істеулеріне негіз болмақ.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях