Қарасай ауданында жаңа автобустар жолға шықты

Қарасай ауданында жаңа автобустар жолға шықты

Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Баймұхамбетов Ермек Беғазыұлы Қарасай ауданына қарасты жаңа 13 автобустың жай-күйімен танысты. Бұл шара қоғамдық көлік сапасын жақсарту және тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қарасай ауданының ауданішілік қоғамдық көлік жүйесін дамыту аясында №6 «Алтын Орда – Тұрар» және №7 «Алтын Орда – Батан» бағыттарында жаңа автобустар іске қосылды. Бұл бағыттар аудан тұрғындары үшін аса маңызды болып табылады, себебі олар халықтың күнделікті қозғалысын жеңілдетіп, жолаушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз көлік қызметін ұсынуға мүмкіндік береді.

15 ақпан 2025 жылдан бастап жаңа автобустар ресми түрде жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған қоғамдық көліктер жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасап, қатынасты анағұрлым тиімді етеді.

Басқарма басшысы Ермек Беғазыұлы жаңа автобустардың сапасын тексеріп, жүргізушілермен және жолаушылармен пікір алмасты. Ол қоғамдық көлік саласын дамыту бағытында жұмыстар жалғасатынын және жолаушылардың жайлылығы үшін көлік инфрақұрылымын жақсартуға басымдық берілетінін атап өтті.

Бұл бастама аудан тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сенімін арттырып, олардың күнделікті қозғалысын ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях