Алтыншы шақырылған мәслихаттың соңғы сессиясында маңызды шешімдер бекітілді

Алтыншы шақырылған мәслихаттың соңғы сессиясында маңызды шешімдер бекітілді

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен бүгінгі алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттының кезекті 66-шы сессиясында күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланып, олардың барлағы депутаттардың қолдауымен бекітілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Санитарлық талапқа сай өткізілген жиынға аудан әкімі Жандарбек Далабаев пен оның орынбасарлары, халық қалаулылары, қала және ауылдық округтердің әкімдерімен қатар, бөлім басшылары да қатысты. Сессияның өтуіне аудандық мәслихат депутаты Бауыржан Айнабеков төрағалық етіп, талқыға түсетін мәселелерді атап өтті. Оның алғашқысы Қарасай ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы болды. Оған қатысты ақпаратты аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Жеңіс Ноғайбаев нақты жеткізе отырып, 2021 жылға арналған аудандағы қаржы саласының жобасын ұсынды. Мәселен, қала және ауылдық округтердегі елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, көшелерін жарықтандыру, сондай-ақ, Қаскелең қаласы мен Жібек жолы, Іргелі, Ұмтыл, Шамалған, Әйтей, Райымбек, Жандосов, Бекболат, Жамбыл ауылдарына «Work out» спорт алаңдарын орнату сияқты маңыздыларды атап айтуға болады. Жобаның кіріс-шығысына жеке тоқталған бөлімі басшысы сөз соңында айтылған бюджет жобасын депутаттар тарапынан 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бекітіп беруін сұрады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе аудан әкімдігінің дербес құрамына және оның жанынадғы терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы болды. Оған қатысты сессияға төрағалық еткен Бауыржан Бақтыбайұлы жан-жақты тоқталып, кейбір кадрлық ауыс-түйістерге байланысты өзгерістер де орын алғанын және соған байланысты жоғарыда атап кеткен комиссия құрамы да жаңартылғанын айтып өтті. Бұған қатысты шешімге ешкімнің алып-қосары болмағандықтан, оның жобасы депутаттардың тарапынан қолдау тауып, бекітілді.

Ал, сессияның күн тәртібіндегі үшінші мәселесінде Қарасай аудандық мәслихат хатшысының 2020 жылы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі талқыланды. Оған қатысты толық ақпаратты аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Атлана Исаева жан-жақты түсіндіріп, ағымдағы жылы жүзеге асырылған істерді нақты атап өтті. Сөз барысында Атлана Жанатқызы 2016 жылы сайланған 20 аудандық мәслихат депутаттың үшеуі, яғни, кезінде мәслихат хатшысы атанған Еділ Қалиев, Айтбай Көшкімбаев және депутат Мәлік Рахметовтың дүниеден өткеніне байланысты ардақты азаматтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алуды ұсынды. Осылайша, сессияға жиналғандар бақилық болған жандарға құрмет көрсетіп, еске алды.

Жалпы жиында талқыға түскен мәселелер толығымен қаралып, депутаттар тарапынан қолдауға ие болды. Өз кезегінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев алтыншы шақырылымның соңғы сессиясында сөз сөйлеп, өңірдің экономикасын өркендету жолында және пандемия уақытында да жан-жақты қолғабыс білдірген барлық халық қалаулыларына алғысын білдірді. Осындай ізгі тілегін жеткізген аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы депуттар қауымына естелік сыйлықтарды табыстап, барлығының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях