Алматыда полиция киімімен TikTok-та билеген ер адам жауапқа тартылды (видео) 

Алматыда полиция киімімен TikTok-та билеген ер адам жауапқа тартылды  (видео) 

    Алматылық азамат полиция қызметкерінің нысанды киімін заңсыз кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік  басылымы    ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.  

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, видеосюжеті бойынша полицейдің киімін киген жас жігіт өтіп бара жатқан адамдарды TikTok-та өзімен билеуге шақырған.

«Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерге мониторинг барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киімін заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Бұл факті бойынша Алмалы аудандық Полиция басқармасы құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен нысанды киімді заңсыз киіп жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды» ,– деп хабарлады полициядан.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях