Алматыда КВИ жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама 25 мың теңгеден сатылған

   Алматыда КВИ жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама 25 мың теңгеден сатылған

 

Алматыда дәрігерлер коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтаманы 25 мың теңгеге сатқан, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады. Қабылданған шаралар нәтижесінде «Covid-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды. «Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды»,-деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях