Алматы облысында сел жүрді  

Алматы облысында сел жүрді   

Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер салдарынан сел жүрді, — деп хабарлайды karasayinfo.kz   желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде сел жүрген аумақтың видеосы жарияланды. Көксу кенішіне баратын жол жабылған.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 14 шілдеде сағат 16.00 — 17.00 аралығында Алматы облысы Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округінде болғанын хабарлады. Көксу шатқалында нөсер мен бұршақ түрінде жауған жауын-шашын салдарынан тау баурайынан балшық түріндегі сел жүрген. Осыған байланысты Көксу орманшылығының №1 кордонына апаратын қара жолда (500 метр) балшық-тас шөгінділер пайда болды.

«Қазіргі уақытта ағын жоқ, қара жол тазартылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы жағдай бойынша 101, 112 телефондарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға хабарламалар түскен жоқ», — деді ТЖД өкілі.

Облыстық ТЖД 15-17 шілдеде де ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланғанын еске салды.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях