Алматы облысында «Бұқаралық спорт түрі» федерациялары құрылады

Алматы облысында «Бұқаралық спорт түрі» федерациялары құрылады

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының 64-тармағын орындау шеңберінде Алматы облысына қарасты 20 аудан-қалаларында «Бұқаралық спорт түрі» (футбол, волейбол, баскетбол және шахмат бойынша) федерацияларын құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның аясында облыс басшысы Амандық Баталовтың қолдауымен облыста «Жетісу әуесқойлар лигасы» құрылып, жаңа жоба бастау алды. Аталмыш жоба бойынша төрешілер және жаттықтырушылармен тығыз жұмыс жасай отырып, біліктіліктерін арттыру мақсатында әр аудандағы лига президентінің лауазымына іріктеу жүргізіледі. Яғни, 253 ауылдық округтердің әрқайсында және аудандық деңгейде 4 спорт түрінен де федерация жетекшісі тағайындалып, командалар құрылатын болады. Сондай-ақ, барлық қатысушы жастарға әр спорт түрін қамтып, 5 мыңнан астам доп, 20 мың арнайы формалар таратылатын болады. Жобаға арнайы білікті төрешілер тартылады. Ойын барысын қадағалап отыру үшін арнайы сайт жасалып, барлық көрсеткіштер онлайн турнирлік кестеде көрсетілетін болады.  Сондай-ақ, өткен ойынның бейнеролигі үнемі сайтқа және «youtube» желісіне жүктеліп отырады.

Қазіргі таңда аталған жоба бойынша байқау жарияланды. Сайысқа қатысқысы келетіндер толық ақпаратты аудандық/қалалық жастар ресурстық орталығынан немесе ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардан ала алады.

Айта кетейік, бұқаралық спорт түрлеріне 10-35 аралығындағы жастар қатыса алады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях