Алматы облысында 5 партия саяси додаға түсіп жатыр

Алматы облысында 5 партия саяси додаға түсіп жатыр

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау науқаны кезекті рет бастау алды. Осы ретте облыстың аумағындағы сайлау комиссияларына 5 саяси партиядан 82 партиялық тізімі ұсынылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Нақытырақ айтқанда, облыс мәслихатына 5 саяси партияның, 115 кандидаттың тізімі өткізіліп, қалалық мәслихаттарға саяси партиялардың 11 тізімі, 98 кандидат ұсынылды. Ал, аудандық мәслихаттарға 66 тізім, 701 кандидат өтініш білдірген.

Заң талаптарына сәйкес, депутаттыққа үміткер азамат:1) Қазақстан республикасының азаматы болуына, 2) жас ерекшелігі 20 жастан кем емес, 3) белсенді сайлау құқығына ие болу қажет. Егер азамат сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған болса, соттылығы бар, бекітілген заңды тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа қатысты және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда қолданыстағы заң талаптарына сәйкес сотпен танылған кезде ол кандидатурасын ұсына алмайды.

– Барлық саяси партиялар сайлау жарнасын енгізді.Ұсынылған 82 партиялық тізімдер белгіленген тәртіппен тіркеліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Партиялық тізімдерді тіркеу туралы мәліметтер декларацияланған кандидаттардың және олардың жұбайларының кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін салық органдарына жіберілді.Ұсыну және тіркеу кезеңінде арыздар мен өтініштер түскен жоқ. Қазіргі таңда саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарына толық кірісті, – деді Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Еркінайұлы.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях