Алматы облысын жан-жақты дамытудың 2045 жылға дейінгі жоспары таныстырылды

Алматы облысын жан-жақты дамытудың 2045 жылға дейінгі жоспары таныстырылды

Облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы көрме кешенінде облыста әзірленген қалақұрылыстық құжаттамалар мен сызбаларды көрді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл құжаттамалар облыс әкімінің тапсырмасымен 2019 жылы дайындала басталып, екі жыл бойы әзірленді. Онда Алматы облысының тұтас дамуы, соның ішінде өңірдің экономикасы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік өркендеуі, туристік бағыты, жол-көлік қатынасы, құрылыс және сәулет, абаттандыру, жалпы айтқанда барлық жағынан 2045 жылға дейінгі даму жоспары толық қамтылған. Ол үшін барлық саланың аяқ алысы түгелге дерлік зерттеліп, есептік көрсеткіштерінің негізінде жоспар құрылып, осы жобаға енгізілді. Бұл – Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басты стратегиялық құжаты деуге болады.

Алматы облысы — Алматы қаласымен шектесіп жатқан өңір. Сондықтан аймақтың дамуы қаламен тығыз байланысты. Бұл ретте Алматы маңындағы Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (БАКАД) облыстың үш ауданымен — Қарасай, Талғар, Іле аудандарымен шектесетінін атап өту керек. Соған сәйкес аталған аудандардың 30 елді мекені ерекше қалақұрылыстық реттеу аймағында орналасқан деп саналады. Осы елді мекендерді көркейтудің қалақұрылыстық құжаттамасы да әзірленіп, облыс басшысының назарына ұсынылды.

Сол сияқты жалпы алаңы 8 мың гектардан асатын осы ерекше қалақұрылыстық аумақтағы 10 қалақұрылыстық тораптың топографиялық түсірілімі жасала отырып, егжей-тегжейлі жоспары дайындалған. Бұл екі жобаның мақсаты – Алматымен шектесіп жатқан аумақтардың қаланың немесе облыстың шеткі аймағы деген ұғымды болдырмау, облыс тұрғындарының қажетті маңызды нысандарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл жобалар облыстың қаламен шектесетін аумақтарының 2030 жылға дейінгі дамуын қамтып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях