Алматы қаласының әкімдігі көп балалы отбасылар мектеп формасын сатып алу үшін 260 миллион теңге бөлді

Жуырда өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Қожабергенова Алматыда әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына мектеп формасын сатып алуға 260 миллион теңге бөлінгендігін айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Қаладағы барлық білім беру орындарында оқу жылына дайындық жүріп жатыр. Биылдың өзінде 204 жалпы білім беретін мектепке 258 мың оқушы қабылданады. Жалпы контингенттен бөлек көмекке мұқтаж, көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары да білім алады. Алматы әкімдігі осындай мұқтаж отбасыларға көмек ретінде мектеп формасын алуға қаражат бөлді. Алматы бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 16 мың оқушы бар екен. Оларды мектеп формасымен қамтуға әкімдік 260 млн теңге қарастырды, – деді қалалық білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Қожабергенова.

Мұнан бөлек, ол республика бойынша «Мектепке жол» акциясы белсенді жүріп жатқандығын, сондай-ақ, биыл бұл акция бір ай бұрын басталғандығын атап өтті. Бүгінгі таңда шара аясында Алматы әкімдігі бөлген сомадан басқа кәсіпкерлерден, белсенді қоғамдық ұйымдардан 15 миллион теңгеге жуық бюджеттен тыс қаражат жиналғандығын да айтты.

– Бұл қаражатқа киім, мектеп формасы, аяқ киім, спорт киімі, оқу құралдары сатылып алынды. Акция қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады», – деді Гүлнар Қожабергенова.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях