АЛАКӨЛГЕ КЕЛЕТІН ТУРИСТЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

АЛАКӨЛГЕ КЕЛЕТІН ТУРИСТЕРДІҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Табиғаты тамсандырған Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі – ақ айдынды Алакөл жеріне демалуға келген туристердің саны жарты миллионнан асты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, өткен жылы аудандағы 214 демалыс орнына 1 млн. 19 мың  адам демалуға келіп, оларға 5 млрд. 811 млн теңгенің қызметі көрсетілген. Ал, биылғы жылдың жаз маусымындағы 1 шілдеге дейінгі көрсеткішіне сүйенетін болсақ, 393 мың 500 адамға, яғни, 2 млрд. 361 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Жазғы маусымның ең қызықты айы енді басталғанын ескерсек, бұл сан алдағы уақытта еселене түсері анық дейді аудан басшысы.

Расында, Алакөл аумағы орналасу жағынан туризмнің барлық түрін қамтиды. Сондықтан да көптеген туристтер осы жердің емдік суына шомылуға және керемет демалыс ұйымдастыруға көптеп келуде. Өткен жылы аудан аумағындағы демалыс орындары 214 құраса, биыл 998 млн. теңгелік инвестицияға 30 нысан қосылып, барлығы 244-ке жеткен. Ал, енді негізгі бюджеттік бағасына тоқталатын болсақ, адам басына тәулігіне 3000-6000-ға дейін құраса, ең төменгі баға – 2700 теңге болып тұр. Еске сала кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымын дамыту және Ақши ауылында туристер үшін қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмасын орындау мақсатында инвестиция көлемі 4 млрд-ты құрайтын, жылына 30 мың адамды қабылдай алатын көп функционалды бес жұлдызды «Көктем Гранд Ресортс» қонақ үй кешені ашылған болатын. Сонымен бірге туризмді одан әрі дамыту мақсатында Үшарал қаласының кіре берісінде «Үшарал» әуежайы ашылып, Талдықорған-Өскемен-Қалбатау тас жолы қайта жаңғыртудан өткізілуде. Сондай-ақ, демалуға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі Жетіген-Достық-Жетіген теміржол қатынасын субсидиялауды жоспарлап отыр.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях