Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай, жаңа жыл алдында аудандық аурухана қабырғасында да көптеген қайырымдылық пен жаңашылдыққа толы жақсы істер қолға алынған еді. Солардың бірі ретінде тіс дәрігерлері өткізген «Әдемі күлкі» акциясын ерекше атап айтуға болады. Оның барысында төрт күн бойы, емханадағы стоматологиялық кабинеттерде Қаскелең қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының 60 оқушысына тегін, үздіксіз қызмет көрсетілді. Нақты айтқанда, олардың 14-інің жарамсыз тістері жұлынып, 46-сынікі емделді. Бұдан бөлек, балаларға тіс ауыруларының алдын алу жөнінде мол ақпарат беретін сұхбаттар жүргізіліп, ауыз қуысы мен тістің санитарлық-гигиеналық тазалығы жөнінде де ақыл-кеңестер берілді. Бұл ретте, осындай ізгі іске ұйытқы болған аурухана басшылығы мен бірнеше күн қатарынан интернат тәрбиеленушілеріне үлкен ықыласпен қызмет көрсеткен емхана дәрігерлерінің еңбегін ерекше атауға болады.
Сағат 20.10: Алматы облысында халықтың 60,03% сайлауға келді
Соңғы деректерге сәйкес Алматы облысында халықтың 60,03% дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023...
Ұлы Отан соғысының ардагері ел қатарлы таңдау жасады
Бір ғасырлық ғұмырдан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Адиш Абдраимов бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Қарасай ауданының орталығы...
Сайлау күні сәбилер өмірге келді
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының перзентханасынан ақжолтай жаңалық жетті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Таңертең ғана сайлау учаскесінде қалаған кандидатқа дауыс беріп үлгерген келіншектер аздаған сәттерден...
Чтобы наш Казахстан процветал
Жительница города Каскелен Валентина Казакова пришла на свой избирательный участок, прихрамывая, но в приподнятом настроении, передает Naqty.kz.
Бабушке 81 год. В Каскелене живет она вот...
Ауданның Құрметті азаматы саяси реформаға қолдау білдірді
Қарасай ауданына қарасты Елтай ауылының тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы, өлкетанушы Орынбасар Жәнаділ №498 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Ардагер-ұстаз Орынбасар...