Акцияда алпыс бала қамтылды

Акцияда алпыс бала қамтылды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай, жаңа жыл алдында аудандық аурухана қабырғасында да көптеген қайырымдылық пен жаңашылдыққа толы жақсы істер қолға алынған еді. Солардың бірі ретінде тіс дәрігерлері өткізген «Әдемі күлкі» акциясын ерекше атап айтуға болады. Оның барысында төрт күн бойы, емханадағы стоматологиялық кабинеттерде Қаскелең қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының 60 оқушысына тегін, үздіксіз қызмет көрсетілді. Нақты айтқанда, олардың 14-інің жарамсыз тістері жұлынып, 46-сынікі емделді. Бұдан бөлек, балаларға тіс ауыруларының алдын алу жөнінде мол ақпарат беретін сұхбаттар жүргізіліп, ауыз қуысы мен тістің санитарлық-гигиеналық тазалығы жөнінде де ақыл-кеңестер берілді. Бұл ретте, осындай ізгі іске ұйытқы болған аурухана басшылығы мен бірнеше күн қатарынан интернат тәрбиеленушілеріне үлкен ықыласпен қызмет көрсеткен емхана дәрігерлерінің еңбегін ерекше атауға болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях