Жетісудің биылғы «Жылдың үздік мұғалімі» анықталды

Жетісудің биылғы «Жылдың үздік мұғалімі» анықталды

Алматы облысының «Жылдың үздік мұғалімі» номинациясының жеңімпазы деп танылған Жамбыл ауданы Қарасу орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бұхарбаева Динара Ермұрзақызына «JAC» автокөлігінің кілті табысталды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Бүгін Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайы ғимаратында өткен Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев өңірдің барлық ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, білім саласының дамуына қосқан зор үлесі және жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі табыстары үшін бірқатар ұстаздар облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарға  ие болды.  Аталған шара барысында  «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі Ақсу ауданы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Гүлмира Қасеноваға және  «ҚР Еңбек ардагері» медалі Ақсу ауданы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі, ардагер ұстазы Ғалия Омароваға табысталды.

Республикалық «Үздік педагог» атағын жеңіп алған Талдықорған қаласы Мұхтар Арын атындағы №24 дарынды балаларға арналған лицейінің мұғалімі Әмір Сәулетхан,
Текелі қаласы №6 орта мектептің мұғалімі Наталья Дегтярева,
Көксу ауданы Қадырғали Жалайыри атындағы орта мектеп гимназиясының мұғалімі Зарина Темірғали да бұл күні назардан тыс қалған жоқ, оларға да ерекше ілтипат көрсетілді.

Облыстық «Үздік педагог-2020» атағына ие болған Алакөл ауданы, Үшарал қалалық балалар шығармашылық орталығының мұғалімі Асия  Уалиеваға, Еңбекшіқазақ ауданы А.Малкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Тамара Ещановаға, Жамбыл ауданы Мыңбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Қалибек Сүлейбекке, Жаркент қаласы «Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» арнайы пән оқытушысы Ақмарал Нұрбековаға, «Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласының инновациялық технологиялар колледжі» өндірістік оқыту шебері Мұқаш Иманжанқа 890 мың теңгенің ақшалай сертификаттары табысталды.

Алматы облысының «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» номинациясының жеңімпазы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Алмас Жылқыбаевқа және «Үздік сынып жетекшісі» номинациясының жеңімпазы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектебінің мұғалімі Жаңылған Қайроллаға І-ші дәрежелі диплом және 500 мың теңгенің сертификаттары табысталды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях