Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай монета шығарылды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай монета шығарылды

ҚР Ұлттық Банкі 2020 жылғы 10 тамызда номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталар шығарылымы ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылған.

«Қазақстан Республикасында карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату мерзімі кейінірек хабарланады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша орналастырылатын болады Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады», — деп жазылған хабарламада.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях