АҚШ-та сайлауалды науқан басталды

АҚШ-та сайлауалды науқан басталды

Америка Құрама Штатында сайлауалды науқан басталып, оның аясында әрбір штатта кокус және праймериз, яғни, үміткерлерді алдын ала таңдау шарасы ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың сайлауалды науқанының алғашқысы Айова штатында өтіп, кокус қорытындысы бойынша республикашылдар партиясы атынан 97,1 процент дауыс жинап, Дональд Трамп жеңіске жетті. Ал, демократтар тарапынан техникалық ақаудың кесірінен ресми кімнің басып озғаны әзірге белгісіз. Десе де 79 жасар сенатор Берни Сандерс өзін өзі жеңімпаз деп жариялады.

Айта кеткен жөн, АҚШ-та президенттік сайлау биыл 3 қарашада өтеді. Оған республикалық партия өзінің 3 үміткерін ұсынып отыр. Арасында қазіргі президент Дональд Трамп та бар.  Ал, демократтардан 11 кандидат ұсынуда. Сауалнама қорытындысы бойынша солардың ішінде бұрынғы вице-президент Джо Байден мен сенатор Берни Сандерстің жеңіске жету мүмкіндігі басым.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях