АҚШ пен Германия арасында медициналық маскаларға байланысты жанжал туындады

АҚШ пен Германия арасында медициналық маскаларға байланысты жанжал туындады

АҚШ пен Германия арасында 200 мың медициналық маскаға байланысты жанжал туындады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Америкалық компаниядан Берлин қаласының полицейлері үшін сатып алынған бетперделер Бангкок әуежайында тоқтатылған. Неміс тарапы «бұл АҚШ билігінің бұйырығымен жүзеге асырылды» деп айыптап, орталық биліктен жағдайды анықтауды сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа байланысты америкалық компанияларға медициналық құрал-жабдықтарды экспорттауға тыйым салған. Сарапшылар Берлин полицейлеріне арналған жүктің тоқтатылуына осы бұйрық әсер еткен болуы мүмкін деп отыр.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях