А.Аймағамбетов: «Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол берілмейді»

А.Аймағамбетов: «Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол берілмейді»

Бүгін Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кездесіп, білім саласына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Халық қалаулысы С.Еңсегенов білім беру жүйесінде туындаған және бейінді ведомствоның араласуын талап ететін бірқатар маңызды проблемаларды тілге сөз еткен. Мәселен, депутат пен министр мектептердің қашықтан оқытуға дайындығы, мектеп директорларын ротациялау арқылы тағайындау, жалақыны арттыру және мемлекеттік сатып алуға құжаттарды дайындау бойынша мұғалімдерге түсетін жүктемені алып тастау мәселелерін талқылады. Аталған мәселелерді тұрғындар сенатордың аймақтық сапарлары кезінде көтерген.

Министр Асхат Аймағамбетов ведомствода қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жобасы дайындалғанын, ол қазірдің өзінде Парламентке жіберілгенін және бұл айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететіндігін түсіндірді.
Сонымен қатар, сенатор мектеп психологтары қызметіне қатысты туындайтын мәселелер туралы сөз қозғады.
Өз кезегінде А.Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермейтінін айтып, С.Еңсегенов сөз еткен мәселелердің барлығы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях