5,8 мың шақырым жол ақылы болады

5,8 мың шақырым жол ақылы болады

Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және көлік әлеуетін жүзеге асыру мақсатында 6 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылады. Ақы алу жүйесі 5,8 шақырым жолға енгізіледі», — деді Үкімет басшысы.

Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанның көрші елдермен темір жол легін өткізу қабілетін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

«Қазақстан-Қытай және Қазақстан-Өзбекстан бағыттары бойынша темір жол легін өткізу қабілетін арттыру және «тар орындарды» алып тастау үшін Достық-Мойынты, Мақтарал-Дарбаза және Алматы стансасын айналма учаскелерге арналған темір жолдарды салу және жаңғырту жұмыстары басталатын болады», — деді Үкімет басшысы Асқар Мамин.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях