3000 оқу гранты иегерілмей қалды

3000 оқу гранты иегерілмей қалды

Елорда да өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов 2019-2020 оқу жылына арналған білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстың нәтижелері бойынша 3 мың грант игерілмей қалғанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews сайтына сілтеме жасап.

– Бұл гранттар үкіметтің тиісті қаулысынан кейін қайтадан конкурс арқылы тағайындалады. Біз оны тамыз айының соңына дейін қайтадан конкурс арқылы гранттарды ойнататын боламыз. Бұл гранттарды алу үшін өтініштерді қайта тапсырудың қажеті жоқ, барлық үміткерлердің ұпайлары біздің жүйемізде, және осы гранттарды қайта тағайындау туралы бұйрық шыққан кезде, олар жай ғана осы мамандық бойынша грантсыз қалған үміткерлерге ұпаймен таратылатын болады, – деді Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, ақылы оқу түрінде оқитын үш мың студент конкурстық іріктеуден өткен жағдайда грантқа түсе алады.

– Мамандықтар тізімін үкіметтің қаулысынан кейін гранттар бөлу жөніндегі республикалық комиссия да анықтайды. Оқу жылы басталғанына дейін БАҚ-ы арқылы үш мың грант иегерлерінің тізімін жариялаймыз. Бірақ, үміткерлер қайтадан тест тапсырмайды біз оларды алдыңғы нәтижелеріне қарап грант бөлетін боламыз. Бірінші конкурста грант ала алмаған үміткер қазіргі таңда ақылы оқу түсіп қойған жағдай екінші конкурстан грант ұтып алса, ол ақысыз оқуға ауысып, әрі қарай оқи беретін болады, – деп толықтырды ол.

Грант иегерлерінің тізімін жоғары оқу орындарындағы комиссиялар жария етеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях