290 қарасайлық отбасыға көмек көрсетіледі

290 қарасайлық отбасыға көмек көрсетіледі

Ауданымызға «Халық» қайырымдылық қорынан тағы да 870 азық-түлік себеттері жеткізілді. Бұл себеттер жақын уақытта ауданымыздағы ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған 290 отбасыға таратылатын болады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

 

«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» атты кең ауқымды қайырымдылық акциясы аясында кеше ауданымызға тағы да 870 азық-түлік себеттері жеткізілген еді. Мұқтаж отбасыларға арналған азық-түлік себеті – ұн, күріш, қарақұмық, макарон, сұйық май, бұқтырылған ет, қант-шай, кәмпит сияқты ең қажетті өнімдерге толы. Әр себеттің салмағы 50 кг.

Ауданымыздың орталық Мәдениет үйінің маңына әкелінген себептерді ауданымызға қарасты округ әкімдіктерінің мамандары еріктілердің көмегімен тиісінше бөліп алды. Енді олар оны алдағы 3-4 күннің ішінде өздеріне берілген тізім бойынша тарататын болады.

Естеріңізде болса, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» атты ізгі акцияны бастаған болатын. COVID-19 пандемиясы салдарынан жарияланған карантин кезінде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету мақсатын еткен шара аясында ағымдағы жылдың наурыз айында ауданымызға 870 азық-түлік себеттері жеткізіліп, 290 отбасы көмек көрсетілген болатын.

Міне, бүгін де аталмыш қайырымдылық акция өз жалғасын тауып, ауданымыздағы тағы да 290 қарасайлық отбасыға көмек көрсетілетін болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях