2021 жылға дейін Алматыда тағы екі метро стансасы салынады

2021 жылға дейін Алматыда тағы екі метро стансасы салынады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек екі метро стансасының құрылыс жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шаһар басшысы ағымдағы жылдың қалалық бюджетін бөлу туралы есеп беріп, қалалық мәслихат депутаттарымен жиын өткізген еді. Онда мегаполистегі «Сарыарқа» және «Достық» стансаларының салынуына кеңірек тоқталды.

– Біз сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқандықтан, біздегі құрылыс шарттары да ерекше екені белгілі. Біз елдегі ең бірінші жылдам автобус көлігі желісін орнаттық. Оның тиімділігі артып келеді. Жылдам автобус желісі орнатылғаннан бері жолаушылар легі 40%-ға артты. 2021 жылдың бірінші жартысында «Сарыарқа» және «Достық» метроларының стансасы аяқталады деп жоспарлап отырмыз, – дейді әкім Б.Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы аталған метро стансалары іргелес 12 шағын ауданды қамтитынын және бұл мақсатқа республикалық бюджеттен екі миллиард теңге бөлінетінен де айтып өтті.

Жалпы, бұл қосымша қосылатын екі стансаның құрылысы кезінде қарастырылмай қалған кемшіліктер ескеріліп, өзгеше болып жасалатын болады. Нақтырақ айтқанда, қазіргі метро стансалардан ерекшелігі де байқалады.

Желілік басылымдағы сурет ҚазАқпараттан алынды

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях