23 қараша күні Батыс Қазақстан облысындағы Қазталов ауданы Жаңажол ауылында жас қыз жаңа туған сәбиін әжетханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, осында тұратын 19 жастағы қыз босанғаннан кейін шақалақты пакетке салып, дәретханаға лақтырған. Қазір өзі ауруханада жатыр. Колледжде қашықтан оқып жатқан қыз толық отбасында тәрбиеленген. Үш баланың үлкені.
Қазталов аудандық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қайырханов бұл оқиғаны растады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазіргі кезде ҚР ҚК 100-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.